ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020

22 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

—  Үкімет отырысында егін жинау жұмысының барысы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. 

— Егін жинау жұмыстарының барысы туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов баяндама жасады.

— Бірінші мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қысқа мерзім ішінде астық жинау жұмыстарын аяқтап, астыққа сатып алу бағасын белгілеуді және форвардтық сатып алу тетігі аясында қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

— Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов баяндады, Жоғарғы соттың судьясы А. Түкиев пен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы М. Әбенов түсініктеме берді.

— Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы 2020 жылғы 1 қарашаға дейін Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу