ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020

—  Үкімет отырысында елді мекендерді газдандыру және өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасын іске асыру мәселелері қаралды.

— Елді мекендерді газдандыру туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов баяндама жасады.

— Премьер-Министр Асқар Мамин 2021 жылғы 1 сәуірге дейін ҚР газдандырудың бас схемасының өзектендірілген жобасын әзірлеуді және солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында 2021 жылғы 1 наурызға дейін «Сарыарқа» газ құбыры жобасының 2 және 3 кезеңдерін іске асыру бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді жаңартып, барлық сараптамаларды алуды тапсырды

— Өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол карталарын іске асыру барысы туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев баяндады.

— Үкімет басшысы барлық рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, сондай-ақ полигондардың таусылған ресурстарын жабу және қалпына келтіру бойынша пәрменді шаралар қабылдауды және Қазақстанның төмен көміртекті дамуының 2050 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын келесі жылдың басында Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу