ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020

26 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы және мал шаруашылығын дамыту қаралды. 

— Көктемгі егіс жұмыстарының жүргізілу барысы туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, энергетика министрі Н. Ноғаев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов баяндады. Сонымен қатар осы мәселе бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов пен Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр сөз сөйледі.

— Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге әр өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласының ерекшелігін ескеріп, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кешенді бағдарламасының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

— Қазақстанда мал шаруашылығының дамуы туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, сондай-ақ агробизнес өкілдері баяндады.

— А. Мамин ұсақ қара мал басын көбейтуге ерекше назар аударудың қажеттігін, отандық құс шаруашылығын одан әрі кеңейтудің және ірі қара мал басын арттыру бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу