ҚР Үкіметінің отырысы, 28.01.2020

28 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста Үкіметтің 2020 жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау шаралары және Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасы қаралды.

— Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М. Әбілқасымова, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасарлары Р. Скляр мен Б. Сапарбаев  баяндама жасады.

— Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2020-2030 жылдарға арналған Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасын таныстырды.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу