Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №27

2019 жылғы 26 тамыз - 1 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен «Ядролық қарусыз әлем мен жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау салтанатына қатысты.
  • ҚР Үкіметінің басшысы Мемлекет басшысының төрағалығымен  өткен бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты. Президентке республикалық бюджеттің алдағы үш жылға арналған жобасының негізгі параметрлері баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет жобасының теңгерімді және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сай екенін айтты. Мемлекет басшысы бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және бюджеттің кірісін одан әрі ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы кезінде еліміздің 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы, 2020-2022 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы, сондай-ақ Педагог мәртебесі туралы заң жобалары мақұлданды
  • ҚР Үкіметінің басшысы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте 2017-2021 жылдарға арналған «Енбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, Өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды формализациялаудың Жол картасын іске асыру мәселелері талқыланды.
  • Қазақстан Премьер-Министрі Нұр-Сұлтан қаласында жаңа №87 мектеп-гимназиясының ашылуына қатысты. Асқар Мамин салтанатты рәсім барысында мектепке қазақ халқының ұлы тұлғасы, ақыны әрі ойшылы – Абай Құнанбайұлының есімінің берілуі аса құрметті әрі жауапкершілікті екенін атап өтті. Мектепті аралау кезінде Асқар Мамин «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» сыйлаған 3D-модельдерді зерттеуге арналған виртуалды-ғылыми секциясы бар «жасыл технологиялар» зертханасымен танысты.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу