Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №28

2019 жылғы 2–7 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Биылғы 7 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Мәскеуге Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлескен жұмыс сапарына барды, онда РФ Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевпен және Ресейдің іскерлік орталарының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.   

  • ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев Қазақстан халқына «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысы Үкімет алдына нақты міндеттер қойды, олардың шешілуі экономиканың одан әрі өсуіне, ел азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал ететін болады. 

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет мүшелерімен және өңірлер әкімдерімен кеңес өткізді, оның барысында Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басты бағыттары қаралды. Мемлекет басшысының тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, өңірлерді дамыту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша алға қойған міндеттерін шешудің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шаралары талқыланып, сондай-ақ, 2019 жылғы егін жинау жұмысының барысы қаралды.

  • Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласында «Астана – жаңа қала» АЭА №1 Индустриялық паркінің аумағында салынып жатқан ModeX модульді үй құрылысы зауытына барды. Кәсіпорын 700-ден астам жұмыс орнын құрып,  жылына 405 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді, бұл халықтың жұмыспен қамтылуын арттырумен қатар, азаматтардың қолжетімді баспанамен қамтылуын жақсартады.

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Шеврон» (Chevron) компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы М. Уиртпен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимылдың келешегі мәселелерін талқылады. Соңғы жылдары Қазақстан «Шеврон» компаниясымен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнатқаны атап өтілді. Қазақстан тарапы жүзеге асырылып жатқан жобалардағы компанияның сатып алуларындағы жерігілікті қамту үлесін арттыруға қызығушылық бар екенін жеткізді.

  • Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың өңірлер экономикаларын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу