Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №37

2019 жылғы 4-9 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысында болып қайтты. Онда Нұрсұлтан Назарбаевқа Тұңғыш Президент Саябағындағы ойын-сауық паркінің құрылыс жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, Елбасы желілік саябақ жасау жоспарын көріп, қалалық Арбатты қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жобасы туралы ақпарат берілді.

  • Сейсенбі күні, ҚР Үкіметінің кезекті отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы және ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды. Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне осы жылдың қараша айының соңына дейін «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының қабылдануын қамтамасыз етуді, ағымдағы жылдың соңына дейін 2020-2026 жылдарға арналған жаңартылған «Ауыл – ел бесігі» жобасын дайындауды, енгізіліп жатқан заң жобаларының сапасына ерекше назар аударуды тапсырды.

  • 7 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерер Фриестің жетекшілігімен палата өкілдерін қабылдады. Үкімет басшысы мен француз компаниясының өкілдері екі елдің бизнес құрылымдары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанда бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

  • Сенбі күні Асқар Мамин Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Родина ауылына жұмыс сапарымен барып, онда «Родина» агрофирмасы» ЖШС жұмысымен танысты. Агрофирманың Қазақстандағы жетекші әрі үлгілік кәсіпорындардың бірі екені аталып өтті. Премьер-Министрдің айтуынша, жинақталған тәжірибені еліміздегі басқа да шаруа қожалықтарына тарату қажет.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу