ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қырғыз Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

А.ж. 12 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Президент Сооронбай Жээнбековпен кездесуі өтті. Әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.  

Бішкекте ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің VIII отырысына қатысты.

Отырысқа қатысушылар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, перспективалы бағыттарды айқындады және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірлескен жоспарлар белгіленді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қырғызстанға ресми сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу