ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Ақтөбе облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

23 тамызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болып қайтты.

  • Үкімет басшысы Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының жұмысымен танысты. Премьер-Министрге мүмкіндігі шектеулі жандар еңбекпен қамтылған бірегей жоба көрсетілді. Жұмыскерлер зауытта қауіпсіздік техникасының сақталуына тәулік бойы тікелей бақылау жүргізеді.

  •  Хромтау қаласында Асқар Мамин «Восход» кен орнында болды. Кәсіпорынға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 65 млрд теңгені құрайды.

  •  Байғанин ауданында Премьер-Министр 2018 жылы желтоқсан айында пайдалануға берілген «Gas Processing Company» ЖШС зауытына барды.

  • Келесі нысан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жаңажол газ өңдеу зауыты болды. Кәсіпорында 1,5 мың адам жұмыс істейді.

  •  Жаңажол ГӨЗ аумағында Асқар Мамин мемлекеттік органдардың, мұнай-газ секторындағы кәсіпорындардың және кәсіподақтардың басшыларының қатысуымен мұнай-газ саласын дамыту және еңбек құқықтарын сақтау мәселелері жөнінде жұмыстық кеңес өткізді.

  •  Жұмыс сапары аясында Асқар Мамин «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)» автомобиль жолының салыну барысымен танысты. 2019 жылы Ақтөбе облысының аумағында 148,2 шақырым жолда қозғалыс ашылады деп көзделіп отыр.

  •  Бұдан соң Үкімет басшысы «Ақтөбе қ. оңтүстік айналма жолы» автожолының реконструкциясы барысын көрді. Бұл жол Ақтөбе қаласы маңында транзиттік автокөліктің айналып өтуін, «Самара – Шымкент» республикалық маңызы бар тас жолынан «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» тас жолына шығу мүмкіндігін және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізіне шығуды қамтамасыз етеді.

  •  Сонымен қатар Асқар Мамин «IBG Catering» ЖШС жол бойы сервисі көпфункционалды кешенін аралады. Жоба құны – 500 млн теңге.

  •  Премьер-Министр Аскар Мамин салынып жатқан «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданын аралап көрді. Биыл жыл соңына дейін Ақтөбе қаласындағы және облыс аудандарындағы  410 көп балалы отбасыны тұрғын үймен қамту жоспарланған.

  • Жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы жақында іске қосылатын «Көктас-Ақтөбе» құрылыс материалдары зауытына барды.

  •  Сонымен қатар Асқар Мамин «Глобал Спецодежда» тігін фабрикасының жұмысымен танысты. Кәсіпорын жыл сайын 250 мың бұйым шығарады.

  •  Жұмыс сапарының соңында ҚР Премьер-Министрі өңірде ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша «Ақтөбе ет кластері» ЖШС ет өңдеу комбинаты мен «Айс» ЖШС сүт-тауарлық фермасына барды. Сондай-ақ, Асқар Мамин Ақтөбе облысындағы АӨК инвестициялық жобаларымен танысты.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу