ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

Биыл 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

  • Үкімет басшысы Қарашығанақ және Чинарев мұнай-газ конденсатты кен орындарында болды, онда «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» және «Жайықмұнай» ЖШС кәсіпорындарының жұмысымен танысты. 

  • Орал қаласында Асқар Мамин азық-түлік, жиһаз, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына — «Желаев нан өнімдері комбинатына», «Кублей» ЖШС консерві зауытына, «Аквакультура тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешеніне», «Болашақ–Т» тұрғын үй құрылысы комбинатына, Орал трансформатор зауытына, шиналар мен құрамында резина бар қалдықтарды өңдейтін «Кама Центр» кәсіпорнына барды.

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі «Квант» корпусты жиһаз шығаратын фабрикасының тауарларының түрлерімен танысты.

  • «Жайықжылуқуат» АҚ аралау барысында ҚР Премьер-Министріне өңірдің жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау саласындағы жағдайы туралы, сондай-ақ жергілікті табиғи монополиялар субъектілерінің жұмысы жайлы баяндалды.

  • Асқар Мамин Орал қаласындағы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Ақжайық» жаңа шағын ауданының және 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысының барысымен танысты.

  • Асқар Мамин Жоғары аграрлық-техникалық колледжді аралау барысында оқу орнының оқытушылары әзірлеген, ғимараттар мен нысандардың ЗD-жобалау жүйесінің жұмысын қарап, өңірді цифрландыру жобаларымен танысты.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу