ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

11 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, онда Арыс қаласының тұрғын үйлері мен нысандарын қалпына келтіру барысын тексеріп, Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарының құрылыс алаңдарын қарады.

  • Арыс қаласында ҚР Үкіметінің басшысы «Арыс-1» темір жол вокзалының жөндеуден өткен ғимаратын қарады. Сонымен қатар, Асқар Мамин 100 отбасыға арналған 50 екі пәтерлі коттеджден тұратын жаңа шағын ауданның құрылысы барысымен танысты.

  • Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі болашақ халықаралық әуежайдың ғимаратына барды. 

  • Асқар Мамин әкімшілік, әлеуметтік, тарихи және мәдени маңыздағы нысандар құрылысының барысын тексерді. 

  • Қазақстан Премьер-Министрі оқушылар сарайына барды, әкімдік, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарын, «Нұр-Сұлтан» алаңын, Тұңғыш Президент саябағы, Олимпиадалық резервтің спорт мектебін, музыка мектебін, бассейні бар мектеп сарайын, неке сарайын, Қазақ драма театрының, Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын, сонымен қатар аттракциондары бар қалалық саябақты, музыкалық фонтанды, амфитеатрды қарады.

  • ҚР Премьер-Министрі салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың, «Ұлы дала Елі» орталығының, Қ. А. Яссауи музейінің құрылыс алаңын, Ұлы Жібек жолының Ұлттық қолөнершілер орталығының, визит-орталықтың, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың ғимараттарын, қалалық Арбатты тексерді. 

  • Жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметінің басшысына Түркістан қаласын салудың бас жоспары көрсетіліп, «Turkistan» индустриялық аймағының іске асырылып жатқан жобалары таныстырылды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу