Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №15

2019 жылғы 3–9 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 6 маусым күні Парламент Сенатының пленарлық отырысы аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Н. Назарбаевқа «Құрметті сенатор» төсбелгісі мен куәлігі тапсырылды.

  • Ораза айт мейрамының бірінші күні, 5 маусымда, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, сонымен қатар  «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» колледж-медресінде болды.

  • Сейсенбі күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Үкімет отырысын өткізді. Елді мекендерді сумен қамту және су бұру мәселелері қаралды.

  • 3 маусымда Үкімет үйінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобаларының презентациясы өтті.

  • 4 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы Азия даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капаннеллимен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында ынтымақтастық перспективалары және туризмді, бизнес ортаны, көлік және логистиканы жақсарту, ауылдар мен моноқалаларды дамыту салаларында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

  • Сол күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ауғанстан елшісі Мохаммад Фархад Азимиді қабылдады. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, транзиттік-көлік, энергетика, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

  • Сәрсенбі күні Үкімет басшысының төрағалығымен нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған кәсіпкерлік бастамаларды қолдау арқылы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтарды ел экономикасына тарту мәселелері талқыланды.

  • 6 маусымда ҚР Премьер-Министрі Chevron корпорациясының өндіру мәселелері жөніндегі атқарушы вице-президенті Джей Джонсонмен кездесті. Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру аясындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері талқыланды.

  • Жұма күні, 7 маусымда  ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында денсаулық сақтау нысандарын салу жөнінде кеңес өткізді.

  • Сол күні ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында егіс науқанының қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сауалдарына ҚР ауыл шаруашлығы бірінші вице-министрі  А. Сапаров, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ басқарушы директоры А. Джувашев жауап берді.

  • 9 маусымда Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин №138 сайлау бөлімшесінде ҚР Президентінің сайлауында дауыс берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу