Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №25

2019 жылғы 12–17 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті ҚР Үкіметінің отырсында 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды, сондай-ақ жаңа 2019-2020 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері талқыланды. 
  • А. Мамин Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. 
  • ҚР Үкіметінің басшысы жұмыс сапарымен Түрікменбашы қаласына барды, онда І Каспий экономикалық форумына қатысты және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесті. 
  • ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды, онда өңірдің индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты және Қазақстанда автокөлік құрастыру және ауыл шаруашылығы машинасын жасау мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. 
  • Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Өңірде Үкімет басшысы Арыс қаласындағы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу, сондай-ақ Түркістан қаласында әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік ғимараттардың салыну барысын тексерді. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу