Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №26

2019 жылғы 19-24 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. 

  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының  даму мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы қаралды.

  • ҚР Премьер-Министрі «АРЕТИ» халықаралық компаниялар тобының президенті Игорь Макаровпен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. 

  • Қазақстан Премьер-Министрі АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хэйлмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

  • ҚР Үкіметінің басшысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа министр Біржан Нұрымбетовты таныстырды.

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Татарстанға барды, онда РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті, өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады және «WORLDSKILLS  KAZAN 2019» чемпионатының ашылу салтанатына қатысты.

  • Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды, онда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады және мұнай-газ саласының жұмысшыларымен кездесті.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу