Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №135

2021 жылғы 25-31 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 27 қазанда Мемлекет басшысы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты. Президентке стартаптар аллеясы таныстырылып, Astana Hub IT экожүйесінің қазіргі жұмысы туралы баяндалды. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Цифрландыру жүйесін енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
  • Сейсенбі күні, кезекті Үкімет отырысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және халықты жұмыспен қамту шаралары туралы мәселе қаралды.  Бірінші мәселені қарау барысында А. Мамин  санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыруды, коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша бір ай мерзімде экономиканың сапалы және орнықты өсуін қамтамасыз ету үшін кадр қажеттілігін анықтау мәселесін өзектендіру тапсырылды.’
  • Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елімізге қазақстандық бизнес-форум мен Қазақстан – Венгрия стратегиялық кеңесінің V отырысына қатысуға келген Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Михай Варганы қабылдады. Тараптар бірқатар салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуын тексерді. Ақмола облысында 298 перспективалы ауылдық елді мекен анықталды.
  • Сенбі күні Асқар Мамин Үкіметтің цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне «айналым» схемасын қаржыландыруды ұлғайту, өнімдер бойынша үш айлық қорларды ұсынылған көлемдерге дейін жеткізу, форвардтық сатып алу шеңберінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ға астық жеткізу қарқынын арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.



 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу