Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №16

2022 жылғы 25 сәуір-1 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 26 сәуірде Мемлекет басшысының қатысуымен AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті. Қ. Тоқаев съезд делегаттарының алдында сөйлеген сөзінде мемлекет пен қоғамды түбегейлі реформалау үдерісіндегі «Аmаnаt» партиясының рөліне тоқталды. Президент партияның өзгерістерге жан-жақты қолдау көрсетіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті.

  • 29 сәуірде Премьер-Министр Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясының жұмысына қатысты. Кездесу Президент Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде Ассамблея сессиясын Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізудің өзіндік мәні бар екенін атап өтті.

  • 26 сәуірде Ә. Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. ҚР Премьер-Министрі импортты алмастыру мәселесін қарастырып, импорт алмастыру жобаларын іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымды уақытында жүргізіп беруді қамтамасыз етуді, жобаларды қаржыландыру мәселесін, сонымен қатар өндірістерді уақытында іске қосуды қамтамасыз ету үшін білікті кадрларды дайындау мәселесін пысықтауды тапсырды. Өрт қаупі бар кезеңге дайындық мәселесін қарастырғаннан кейін Әлихан Смайылов өрт бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жұмысын жалғастыруды, балаларды сауықтыру лагерлері, санаторийлер мен демалыс аймақтарында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алуды, орман және табиғатты қорғау мекемелеріне өртке қарсы техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру шараларын қабылдауды, елдегі барлық оқу орындарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді тапсырды. 

  • Сол күні жер қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Онда ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ғарыштық мониторингі және оларды цифрландыру мәселелері қаралды.

  • Сәрсенбі, 27 сәуірде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Trafigura» компаниясының атқарушы директоры Джереми Вейрмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар көмірсутек саудасы, көлік-логистика секторы, жаңартылатын энергетика, экономиканы декарбонизациялау және т. б. салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

  • Сонымен қатар сол күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Оның барысында Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын орындау үшін 30-дан астам іс-шарадан тұратын Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

  • Сол күні тағы бір кеңес өтті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ҚР мемлекеттік органдарын ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне бекітетін Қазақстанның ЭЫДҰ-мен 2025 жылға дейінгі өзара іс-қимылының өзектендірілген бағдарламасын қарады. Кеңесте ұзақ мерзімді серіктестікке жаңа серпін беру үшін ЭЫДҰ тарапы бастамашы болған 2022-2025 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарының (Action Plan) жобасы қаралды.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 27 сәуірде Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында қазіргі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін конкурстан тыс негізде жер телімдерін бөлетінін атап өтті. Алайда бөлінген жер телімдері іс жүзінде көп пәтерлі тұрғын үйлер, мейрамханалар, көлік жуу орындарын және т. б. салу үшін пайдаланылып жатыр.

  • Келесі күні, 28 сәуірде Ә. Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде ЕҚДБ банктік операциялар жөніндегі вице-президенті Алан Пиюмен келіссөз жүргізді. Онлайн-кездесу барысында тараптар Қазақстандағы қазіргі жағдайды және ҚР Үкіметінің банк секторына қатысты қысқа мерзімді іс-қимыл жоспарын талқылады.

  • Сондай-ақ 28 сәуір күні Министрлер кабинетінің басшысы машина жасау саласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында саланың өзекті мәселелері де қаралды. ҚР Премьер-Министрі қысқа мерзімде әрбір мәселе бойынша қажетті шараларды дайындау үшін барлық айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

  • Келесі күні Әлихан Смайылов Бішкек қаласына барды. Сол күні Қырғызстан астанасында Қазақстан Премьер-Министрі мен Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровтың төрағалығымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 10-отырысы өтті.

  • Сонымен қатар сол күні Бішкекке жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қырғызстан стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады, атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайтуға ерекше назар аударды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу