Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №60

2020 жылғы 4-10 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің отырысында Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басуына қатысты мәселе, Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысы қаралды. Үкімет басшысы барлық мемлекеттік органдарға жұмыспен қамту бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына жаңа министр – Аида Балаеваны таныстырды.

  • Асқар Мамин экономиканың түрлі салаларын қолдау мәселелері жөнінде бірқатар кеңес өткізді.

  • 5 мамырда Қазақстан Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып қайтты, онда Индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының, Жұмыспен қамтудың жол картасының іске асырылу барысын тексерді.

  • 10 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысының Мақтаарал ауданына барып, ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен кездесу өткізді.

  • Үкімет басшылары Мақтаарал ауданының су басқан аумақтарын аралап көрді, сондай-ақ Жаңажол ауылдық округінің Нұрлыжол, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында болып, су тасқыны салдарын жою аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

  • Мақтаарал ауданының әкімшілік орталығы Мырзакент ауылында Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлері жаңа шағын ауданның құрылыс жоспарымен танысып, алғашқы тұрғын үйлердің іргетасын қалау рәсіміне қатысты және тұрғындармен кездесу өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу