Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62

2020 жылғы 18-24 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің отырысында 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар қаралды. Кешенді жоспар 10 бағыттан және іскерлік белсенділікті ынталандыру, жұмыспен қамтуды қолдау және халықтың табысын арттыру жөніндегі 172 жүйелі әрі салалық шаралардан тұрады. Үкімет басшысы Жоспардың іс-шараларын белгіленген мерзімде сапалы түрде іске асыруды тапсырды.

  • Осы күні Асқар Мамин Қаржы министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерұлан Жамаубаевты таныстырды. Үкімет басшысы Е. Жамаубаевтың қаржы-банк саласындағы зор еңбек тәжірибесі жаңа министрге қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді.

  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Премьер-Министр құрылыстардың жоспарланған көлемін қамтамасыз етуге, тұрғын үй, мектеп және басқа да әлеуметтік нысандарды пайдалануға беруге, сондай-ақ қаланың сумен қамту және абаттандыру проблемаларын шешу қажеттігіне баса назар аудартты.

  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді.

  • Сенбі күні ҚР Үкіметінің басшысы жұмыс сапары аясында Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы және су шаруашылығының, сондай-ақ тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның дамуын тексерді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу