Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63

2020 жылғы 25-31 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

  • Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы және мал шаруашылығын дамыту мәселесі қаралды. 
  • 27 мамыр күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан ҚР-дағы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Әл-Джаберді қабылдады.
  • Бейсенбі күні Үкімет басшысының төрағалығымен Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған Өзгерістерді басқару жөніндегі cалалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының Басқарушы комитетінің отырысы өтті.  
  • Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысты. Отырысқа қатысушылар ТМД аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуымен күрес жөніндегі бірлесіп күш-жігер салуды, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі ТМД экономикалық даму стратегиясының жобасын талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу