Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №65

 

2020 жылғы 8-14 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Үкіметтің кезекті отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. А. Мамин нақты сектор өсімінің сенімді қарқынын және қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділіктің қалпына келуін атап өтті.
  • 10 маусымда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, онда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды. 
  • Сол күні Асқар Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда жолаушылар вагондарын шығару, темір жол инфрақұрылымын және жалпы Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті.
  • 2020 жылғы 10-11 маусым күндері ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанның барлық өңірлеріндегі бизнес өкілдерімен селекторлық кеңестер өткізді, онда іскерлік белсенділікті қалпына келтіру мәселелері қаралды.
  • 12-13 маусымда Үкімет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.
  • Асқар Мамин Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу