Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №7

2024 жылғы 18-24 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі, 18 наурызда, Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов а.ж. 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді. Үкімет басшысы биыл 1 сәуірге дейінгі мерзімде жобаларды қаржыландыру кестесін уақтылы ұсынуды тапсырды. Кесте сондай-ақ жобалардың әрі қарай іске асырылуын күнделікті бақылауды да көздейтін болады.

  • Сол күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Шелл плс» концернінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті, онда мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысы қаралды. Қашаған кен орнының тұрақты жұмысына ерекше назар аударылды. ҚР Үкіметінің басшысы жобаларды іске асыру шеңберінде, оның ішінде Қазақстан аумағында жоқ өндірістерді оқшаулау арқылы қазақстандық қамтуды арттырудың басымдығын атап өтті.

  • Олжас Бектенов ЕАДБ басшысы Николай Подгузовпен инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады. Биыл ЕАДБ-ның Қазақстан экономикасына салған жаңа инвестициялары кемінде $1 млрд-ты құрайды. ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының жол желісін дамыту, тұрғын үй құрылысы, ТКШ-ны жаңғырту және газдандыру саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті. 

  • Сейсенбі, 19 наурызда, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауылдық жерлерді дамытудың ағымдағы жай-күйі туралы баяндады. Премьер-Министр Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, әкімдіктерге ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту бойынша міндеттер қойды. Объектілер мен қызметтердің нақты тізбесі осы Жүйеде қамтылған. Тізбеде жазылған игіліктердің барлығы әрбір елді мекенде болуға тиіс.

  • Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында салықтық және кедендік әкімшілендіру және процестерді цифрландыру шараларын жетілдіру мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында осы жылдың наурыз айында Қазақстанда отандық экспорттаушыларға ҚҚС қайтару рәсімдері қайта қаралды. Тәсілдердің өзгеруін ескере отырып, енді растау үлесі ұлғайтылады, бұл қазақстандық тауар өндірушілер үшін елеулі қолдауға айналады.

  • Сәрсенбі, 20 наурызда, ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қатар мемлекетіне барды. Дохада Олжас Бектеновті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қабылдады. ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы сәлемі мен мен ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу барысында қазақ-қатар қатынастары ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша және жоғары қарқынмен нығайып келе жатқаны атап өтілді. Биылғы ақпан айында өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөздер екі елдің ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге көтеруге деген өзара ұмтылысын растады. Сапар аясында Олжас Бектенов Қатар Премьер-Министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдурахман Әл Тәнимен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу