Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №80

2020 жылғы 28 қыркүйек-4 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі күні, 28 қыркүйекте Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына барып, онда бірқатар жаңа нысанды аралап, Түркістан қаласында халықаралық әуежайдың ашылуына қатысты және БАҚ үшін брифинг өткізді.   
  • 29 қыркүйек күні Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласына барып, «Казмедприбор» ЖШС қызметімен және «Шымкент ескі қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішін одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. 
  • Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында эпидемиологиялық ахуал, жылыту маусымына әзірлік және интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.   
  • Дәл осы күні  ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады. Кездесу барысында 2020 жылғы ЕАДБ жұмысының алдын-ала қорытындысы және Банктің бұдан арғы жұмысының перспективалары, оның ішінде Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру келешегі талқыланды. 
  • 1 қазан күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысы өтті. Онда «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауын орындау барысы қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу