Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №84

2020 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 29 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты.

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері, Жұмыспен қамтудың жол картасының іске асырылу барысы және Үкіметтің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы қаралды.

  • 26 қазанда Үкімет басшысы Түркия Республикасының қорғаныс министрі Хулуси Акарды қабылдады. Тараптар екі елдің әскери білім беру және қорғаныс-өнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде түрік компанияларының ҚӨК саласында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруын талқылады. 

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша А. Мамин бірқатар тапсырма берді.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен АҚШ-тың сауда министрі У. Росс АҚШ Сауда палатасы жанындағы Қазақстан – Америка Іскерлік кеңесінің онлайн ашылу рәсіміне қатысты.

  • Бейсенбіде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимылын талқылады.

  • 30 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

  • Степногорск қаласында Үкімет басшысы «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС, «Степногорск» ЕМК» АҚ, «Астана-Нан Chemicals» ЖШС, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС, «Қазақалтын Technology» ЖШС және «Ақсу Technology» ЖШС барды.

  • Көкшетау қаласында Премьер-Министр 200 төсек орнына арналған модульді жұқпалы аурулар ауруханасын, өңірге жеткізілген елімізде құрастырылған жылжымалы медициналық кешендерді, жедел жәрдем машиналарын қарап шықты.

  • А. Мамин қаланың әлеуметтік, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымы объектілерінің салыну барысымен, іске асырылып жатқан және перспективалы инвестициялық жобалармен, сондай-ақ осы жылғы қараша айында өтетін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық жұмыстарымен танысты.

  • Бурабай ауданының Щучинск қаласында Премьер-Министр «IQanat High School of Burabay» мектебіне барып, Бурабай к. туристік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу