Мәдениет және ақпарат министрі

Аида Ғалымқызы Балаева

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

1999-2002 жылдары — Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары — Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

2004 жылы — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Алматы қаласынның ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2006-2008 жылдары — Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары — Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2020-2022 жылдары — ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022-2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда  Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу