Мұрағат

Сізге қажет жаңалықтар күнін таңдаңыз:

Күн

Ай

Жыл

Жаңалықтар тізбегі

Ә. Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасын 4 ақпанға дейін Үкіметке енгізуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

ҚР БҒМ алқа отырысы: 2022 жылы қазақстандықтардың сапалы білім алуға қолжетімділігі артады

2022 жылы қазақстандықтардың сапалы білім алуға қолжетімділігі артады. Бұған жаңадан 200 мектеп салу арқылы оқушылар орнының көбеюі ықпал етеді. Білім беру ұйымдарына білікті педагогтер тартылады. Ол үшін министрлік қазірдің өзінде әлеуметтік пакетті ұсынуды қолға алды. Балабақшаларда, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алу үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалып, білім беру қызметінің сапасына бақылау да күшейтіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында барлық өзекті мәселе, білім және ғылым саласындағы 2021 жылғы жұмыстың қорытындылары мен 2022 жылға арналған міндеттер талқыланды. Алқа отырысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты. Жиынға ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов модераторлық етті.

Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ә. Смайылов Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңестер өткізді 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері бойынша бірқатар кеңес өткізді.

ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әрі қарай