Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «02» сәуірдегі № 183 қаулысы

«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу, «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналғанквоталарды белгілеу туралы

 

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу, «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналғанквоталар белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу