Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 04 мамырдағы № 250 қаулысы

«Астана» теміржол станциясын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының   4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы  № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана» теміржол станциясы «Нұр-Сұлтан» теміржол станциясы болып қайта аталсын.

 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу