04 Тамыз 2016, 12:43
«Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерісенгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Айқындалатын лимит мынадай талапқа сәйкес болуы тиіс:
Lslg ≤ MaxL, мұнда
Lslg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының жоспарланатын қаржы жылындағы өзінің меншікті кірістеріне қатысты лимиті;
МахL – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының ең жоғары лимиті, бұл оның меншікті кірістері көлемінің 75 %-ын құрайды.
2016 жылы Қызылорда облысы үшін жергілікті атқарушы орган борышының ең жоғарғы лимиті оның меншікті кірістері көлемінің
92 %-нан аспауы тиіс.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу