Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «09» сәуірдегі № 210 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 және «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1175 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:

4-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«инвестор инвестициялық міндеттемелерін орындаған кезде, осы инвестициялық келісімшартқа 4-қосымшаға сәйкес кестеге және жылдық көлемге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өндіріс толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық субсидия беріледі.»;

10-тармақта:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) инвестициялық келісімшарт қолданылатын мерзімде осы инвестициялық келісімшарттың шеңберінде 5-тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін осы инвестициялық келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес импортталған технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектерді, шикізат пен (немесе) материалдарды қолдануға;»;

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын;

«8) инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жыл ішінде мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті болатынына міндеттенеді.»;

мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылтайшы және (немесе) қатысушы (акционер) құрамынан шығуы жөніндегі талапты растау үшін инвестор Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға басшының қолымен және инвестордың мөрімен (бар болса) расталған жарғының көшірмесін ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

«26-1. Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылтайшы және (немесе) қатысушы (акционер) құрамынан шығуы жөніндегі талап орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан толық шыққанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

         Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығу жөніндегі талаптың орындалмауы инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады.»;

көрсетілген модельдік келісімшартқа 1, 2, 3, 5, 6-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

көрсетілген модельдік келісімшартқа 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы №1175 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 68, 626-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық субсидия беру қағидаларында:

3-тармақта:

бiрiншi бөлiкте:

  1. тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;

  2. тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субьектісінің үлесі жиырма бес пайыздан аспаса;»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Бес жыл ішінде мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті, ал бұл талап орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан толық шыққанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығу туралы талапты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады;»;

5-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) расталған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Инвестициялық субсидияны төлеу инвестор инвестициялық міндеттемелерді орындаған жағдайда, өндіріс инвестициялық келісімшартта белгіленген толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылады.»;

17-тармақ алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу