Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 09 тамыздағы №1038 Қаулысы

Опубликовано: Бейсенбі, 09 Тамыз 2012

Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                К.МӘСІМОВ

 Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2012 жылғы «9» тамыздағы №1038 қаулысымен  бекітілген Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және жергілікті қамту бойынша индустриялық-инновациялық жобаларға сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қамту бойынша сараптама - республикалық индустрияландыру картасына енгізуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау;
2) жергілікті қамту - индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына қатыстырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы;
3) индустриялық-инновациялық жоба - технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган - индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) құралы болып табылады, ол белгілі бір қаржыландыру көздері, оларды іске асыру жөніндегі кестелері мен іс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді;
6) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры (бұдан әрі – дерекқор) – отандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі;

2. Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу тәртібі

3. Жергілікті қамту бойынша сараптаманы жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты жүргізеді.
4. Жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу үшін материалдарды (бұдан әрі – материалдар) уәкілетті орган осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына жобаларды енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен жібереді.
5. Индустриялық-инновациялық жобаның жергілікті қамту бойынша сараптамасын уәкілетті органнан материалдарды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі және индустриялық-инновациялық жобадағы жергілікті қамтуды анықтаудан тұрады.
6. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу үшін материалдарды ұқсас тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іздеу мақсатында дерекқорда бар тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратпен салыстырып тексереді.
Ұқсас тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іздеу жүргізу қорытындылары бойынша жергілікті қамтуды дамыту саласындығы ұлттық даму институты мынадай есеп жүргізеді:
1) индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған тауардың жалпы құнынан ( ЖҚТ ) тауарда белгіленген жергілікті жерден шыққан үлес құнының пайыздық мазмұны мына формула бойынша:
 


мұнда:
n – материалдарда көзделген тауарлардың жалпы саны;
i – материалдарда көзделген тауарлардың реттік нөмірі;
ТҚi – материалдарда көзделген i-шы тауар құны;
Қi – дерекқорда көрсетілген ұқсас тауарлардың жергілікті қамту үлесі, Қi = 0, дерекқорда тауар болмаған жағдайда;
S – материалдарда көзделген тауарлардың жалпы құны.
2) индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған жұмыстар мен қызметтердің жалпы құнынан (ЖҚж/қ ) жұмыстар мен қызметтерді белгіленген жергілікті жерден шыққан үлес құнының пайыздық мазмұны мына формула бойынша:

 п m
 ∑ TҚi Ч Қi + ∑ (ШҚj Ч ТҚj) Ч Rj
 i=1 j=1
ЖҚж/қ = 100% Ч ————————————— ,
 S
мұнда:
n – материалдарда көрсетілген жұмыстарды немесе қызметтерді орындау үшін қажетті тауарлардың жалпы саны;
i – материалдарда көрсетілген қажетті тауарлардың реттік нөмірі;
ТҚi – материалдарда көзделген i-шы тауар құны;
Қi – дерекқорда көрсетілген ұқсас тауардағы жергілікті қамту үлесі, Қi = 0, дерекқорда тауар болмаған жағдайда;
m – материалдарда көрсетілген жұмыстарды немесе қызметтерді орындау үшін қажетті жұмыстардың немесе қызметтердің жалпы саны;
j – материалдарда көрсетілген жұмыстардың немесе қызметердің реттік нөмірі;
ШҚj – материалдарда көрсетілген j-шы жұмыстардың немесе қызметтердің құны;
ТҚj – материалдарда көзделген жұмыстарды немесе қызметтерді орындау үшін қажеті тауардың жиынтық құны;
Rj – дерекқорда көрсетілген жұмыстарды немесе қызметтерді орындайтын жеткізуші қызметкерлеріне жалпы еңбекақы төлеу қорындағы жергілікті кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
S – материалдарда көрсетілген жұмыстардың немесе қызметтердің жалпы құны.
Дерекқорда бірнеше ұқсас тауарлар болған жағдайда, жергілікті қамтудағы мына формула бойынша есептелген тауардың орташа үлесі белгіленеді:
 п
 ∑ Сi
 i=1
Қi = ———— ,
 n
мұнда:
Сi – дерекқорда көрсетілген тауардағы жергілікті қамту үлесі;

i – дерекқорда көрсетілген тауардың реттік нөмірі;
n – дерекқорда ұқсас тауарлар саны.
Дерекқорда жұмыстарды немесе қызметтерді бірнеше жеткізуші болған кезде жергілікті кадрларға еңбекақы төлеу қорының жұмыстарды немесе қызметтерді жеткізушілердің мына формула бойынша есептелген орташа үлесі белгіленеді:
 п
 ∑ ЕТҚi
 i=1
Ri = ————— ,
 n
мұнда:
ЕТҚi – Қазақстан Республикасының азаматтарына дерекқорда көрсетілген i-шы жұмыстарды немесе қызметтерді жеткізушілерге еңбек төлеу қорының үлесі;
i – дерекқорда көрсетілген жұмыстарды немесе қызметтерді жеткізушілердің реттік нөмірі;
n – дерекқорда көрсетілген жұмыстарды немесе қызметтерді жеткізушілер саны.
Жалпы еңбекақы төлеу қорынан индустриялық-инновациялық жобаға тартуға жоспарланған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының пайыздық мазмұнының есебі ( ЖҚк ) мына формула бойынша жүргізіледі:

 ЕТҚк
ЖҚк = ————— Ч 100 % ,
 ЕТҚ

ЕТҚк – материалдарда көрсетілген индустриялық-инновациялық жобаға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құны;
ЕТҚ – материалдарда көрсетілген индустриялық-инновациялық жобаға жұмылдырылған мамандарға жалпы еңбекақы төлеу қоры.
7. Жергілікті қамту бойынша сараптаманың нәтижесі жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтының фирмалық бланкінде жазылатын сараптамалық қорытынды болып табылады және мыналарды қамтуы тиіс:
1) сараптамалық қорытындының күні, нөмірі;
2) индустриялық-инновациялық жобаның мақсаты;
3) индустриялық-инновациялық жобаға қатыстырылуға жоспарланған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорынан және тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға жоспарланған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы;
Сараптамалық қорытындыға жергілікті қамтуды дамыту саласында ұлттық даму институтының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ жергілікті қамту бойынша осы сараптаманы жүргізген тұлғалар қол қояды.
8. Сараптамалық қорытынды қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалады, оның бірін жергілікті қамтуды дамыту саласындығы ұлттық даму институты қол қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді, екіншісі жергілікті қамтуды дамыту саласындығы ұлттық даму институтында сақталады.
__________________________

Жергілікті қамту бойынша
сараптама жүргізу
қағидаларына 1-қосымша
 
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстарда және қызметтерде белгіленген жергілікті жерде шығарылу үлесінің құны туралы ақпарат беру нысаны

Индустриялық-инновациялық жобаның атауы
 _____________________________________________
Индустриялық-инновациялық жобаның мақсаты
____________________________________________
Индустриялық-инновациялық жобаның саласы
_____________________________________

 
Сатып алынатын ТЖҚ атаулары     Сатып алынатын ТЖҚ-ның қысқаша сипаттамасы     СПК бойынша ТЖҚ коды    Өлшем бірлігі    Сатып алудың жоспарланған көлемі заттай мәнде    ҚҚС есебімен сатып алуға жоспарланған сома, мың теңге     Әлеуетті жеткізушілер     ТЖҚ жеткізетін ел     ЖҚ болжамды үлесі %       
1    2    3    4    5    6    7    8    9       
20__ жыл       
Тауарлар                                          
Жұмыстар                                          
Қызметтер                                       
20__ жыл    

Ескертпе:
нысанды толтыру тәртібі:
1-бағанда сатып алынатын тауардың, жұмыстың және қызметтің атауы көрсетіледі;
2-бағанда сатып алынатын тауардың, жұмыстың және қызметтің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі (техникалық шарттар, қасиеттері мен сипаттамалары);
3-бағанда 10 символ деңгейінде өнімдердің (тауарлардың және қызметтердің) моделді статистикалық жіктеуішіне сәйкес тауардың, жұмыстың немесе қызметтің коды көрсетіледі;
4-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған жұмыстар және қызметтер бойынша толтырылмайды;
5-бағанда тауарды өлшеудің көрсетілген бірлігіне сәйкес тауардың (сатып алу көлемі) заттай мәндегі жоспарлаған саны көрсетіледі. Баған жұмыстар және қызметтер бойынша толтырылмайды;
6-бағанда ҚҚС есебімен тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алудың болжамды көлемі мың теңгемен көрсетіледі (бөлінген сан жүздік үлеспен);
 7-бағанда жеткізушінің атауы көрсетіледі;
8-бағанда жеткізушінің елі көрсетіледі;
9-бағанда жергілікті қамтудың тауардағы, жұмыстағы немесе қызметтегі болжамды үлесі % да көрсетіледі (жүздік үлеске дейін).
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар және қызметтер;
ӨСЖ – өнімнің статистикалық жіктеуіші;
ҚҚС – қосымша құн салығы.
_____________________

Жергілікті қамту бойынша
сараптама жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

Жалпы еңбекақы төлеу қорынан индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобаға жұмылдырылған Қазақстан Республикасы азаматтарына еңбекақы төлеу құны туралы ақпарат беру нысаны

Индустриялық- инновациялық жобаның атауы
____________________________________________
Индустриялық- инновациялық жобаның мақсаты
____________________________________________
Индустриялық- инновациялық жобаның саласы
___________________________________________

Индустриялық-инновациялық жоба шеңберінде жұмыс істейтін жұмыскерлерге жалпы еңбекақы төлеу қоры, мың теңгемен (сан ондық үлеспен)
____________________________________________

Индустриялық-инновациялық жоба шеңберінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құны, мың теңгемен (сан ондық үлеспен)


Жаңалықтар тізбегі
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Шілде 2020, 13:03
Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
23 Шілде 2020, 09:07
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
22 Шілде 2020, 18:42
Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.