Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы

Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                         А. Мамин

 

Ережелер

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу