Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы №74 Қаулысы

«Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысына өзгеріс енгізу және «Почта арқылы жiберуге тыйым салынған заттардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 798 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 339-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 5) және 7) тармақшаларына және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының   Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

2. «Почта арқылы жiберуге тыйым салынған заттардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 798 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 245-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                                                             С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу