Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «10» сәуірдегі № 220 қаулысы

«Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 290 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  6 наурыздағы № 290 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 463-құжат).

  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі               К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу