Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 тамыздағы №554 Қаулысы

«Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысына  өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тарауын қоспағанда, 2022 жылғы   1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                          А. Мамин

 

Ережелер

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу