Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №672 Қаулысы

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидаларын және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:
  1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидалары;
  2. тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу