Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы №50 Қаулысы

«Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 18-19, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізуі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларының, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерінің (бұдан әрі – Рұқсат беру қағидалары) 3 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тексеру;»; 

         7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кемеге келгенге дейін қазақстандық кеменің капитаны (иесі) қазақстандық кемеден бөтен адамдарды шығаруды қамтамасыз етеді, мәліметтерді жинауды ұйымдастырады және оның қорытындысы бойынша Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық кемедегі кәсіпшілік өнімдер (объектілер), жүктер мен тауарлар және оларды басқа кемелерге ауыстырып тиеу туралы есеп жасайды.»;

8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кемеге келгеннен кейін қазақстандық кемені байқауды және тексеруді ұйымдастырады. Қазақстандық кеменің капитаны (иесі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарына рұқсатты, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есепті (бұдан әрі – есеп), қазақстандық кеме экипажы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын және Шекара қызметі әскери бөлімінің командирі растаған кеменің рөлін көрсетеді.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Теңіз кәсіпшілігін жүзеге асыратын қазақстандық кемені бақылау барысында Рұқсат беру қағидаларының 14-тармағында, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген ақпараттардың бұрмалану фактілері анықталған жағдайда, Шекара қызметі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу немесе әкімшілік заңнамасына сәйкес қазақстандық кемені ұстауды және жақын арадағы теңіз портына (орналасу пунктіне) жөнелтуді жүргізеді, рұқсат күшін жояды, бұл туралы рұқсатқа және кеме журналына жазба жазылады.»;

осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі  Б. Сағынтаев

 

Қосымша 1

Қосымша 2,3

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу