Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 наурыздағы №131 Қаулысы

Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                               А. Мамин

 

Ережелер

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу