Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы №1087 Қаулысы

«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат; 2010 ж., № 25-26, 189-құжат; 2012 ж., № 35, 466-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

І-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 20 (жиырма) фильтрлі сигаретке:

1) 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін бір жүз отыз мың теңге мөлшерінде;

2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жүз елу теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күн­тіз­белік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С.АХМЕТОВ

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу