Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 ақпандағы №58 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»


2015 жылғы  29 маусымдағы № 489 және «Мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

  1. «Мұнай және газ, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 489 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 36, 257-құжат):

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Көмірсутектер, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:

1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі – көмірсутектер саласындағы;

2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті – жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.»;

көрсетілген қаулыға қосымшаосы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Мұнай мен газ саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 428-құжат):

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.»;

көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                 Б. Сағынтаев

Қосымша 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу