Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 наурыздағы №228 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2013 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық сая­саты туралы елдің қалың жұртшылығын хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясатының 2013 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                        С.Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу