Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №6 Қаулысы

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2021 жылға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2021 жылға арналған ұлттық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   А. Мамин

Жоспар

1 қосымша 

2 қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу