Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 273 қаулысы

Ақтөбе қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының
4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Ақтөбе қаласының мынадай білім беру ұйымдарына:

  1. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
    «№ 62 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;
  2. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
    «№ 63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі;
  3. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
    «№ 64 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ұзақбай Құлымбетовтің есімі;
  4. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
    «№ 66 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі;
  5. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
    «№ 68 жалпы білім беретін орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  Жұмабек Тәшеновтің есімі берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                       А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу