14 Мамыр 2020, 17:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.»;
2) «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу