Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 мамырдағы №307 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі №501 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі №501 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

15-тармақ:

мынадай мазмұндағы 66-2) және 66-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«66-2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестерді цифрлық трансформациялауды және олардың реинжинирингін үйлестіру;

66-3) мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;»;

мынадай мазмұндағы 206-1), 206-2), 206-3) және 206-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«206-1) есептер мен көрсеткіштер (салалық деректер) тізілімін бекіту;

206-2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестердің реинжинирингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

206-3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестердің реинжинирингі әдістемесін бекіту;

206-4) мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінде қамтылған азаматтар мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді түзету қағидаларын бекіту;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу