Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 қазандағы №739 Қаулысы

«Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында:

97-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әрбір парағын дәйектеген және қол қойған қабылданатын заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортты (қазақ және орыс тілдерінде) (бұдан әрі – паспорт).

Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын ғылыми экономикалық сараптамаға жіберген кезде паспорттың әрбір парағын заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутаты/депутаттары дәйектейді және қол қояды;»;

көрсетілген Қағидаларға қосымшада:

ғылыми экономикалық сараптамаға ұсыну үшін Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортта:

мына:

«

Әзірлеуші - орындаушының байланыс ақпараты

Т.А.Ә.:

Лауазымы:

Тел.:

Электрондық пошта

мекенжайы:

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Әзірлеуші - орындаушының байланыс ақпараты

Т.А.Ә. (бар болса):

Лауазымы:

Тел.:

Электрондық пошта мекенжайы:

»;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Т.А.Ә._____________________________________________________________     

(заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарының/заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутатының/депутаттарының қолы)».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    А. Мамин   

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу