Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №56 Қаулысы

«Қауіпсіздіктің жалпы талаптары, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 805 қаулысының күші жойылды деп тану туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қауіпсіздіктің жалпы талаптары, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 805 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 48, 436-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi. 


Қазақстан Республикасының    
Премьер-Министрі                  Б. Сағынтаев

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу