Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қазандағы №744 Қаулысы

«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

«11. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі  А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу