Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №856 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1562 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1562 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 83, 1071-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде:

«Жалпы кәсіптер» деген 17-бөлімнің 180-тармағы мынадай мазмұндағы алпыс тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

«сот сараптамалары мен зерттеулерін жүргізуде тікелей жұмыс істейтін жұмыскер (сот-медициналық сарапшы дәрігер, мейіргер, зертханашы, санитар);»;

2) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат):

14-қосымшада:

реттік нөмірі 1-жолдың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«

3)

Сот сараптамасы орталығының сот медицинасы бөлімшелеріндегі, психиатриялық және наркологиялық сараптама бөлімшелеріндегі жұмысы үшін

 

БЛА-дан 60 %

 

 

»;

реттік нөмірі 2-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«

1)

Сот сараптамаларының әр түрін жүргізу бойынша біліктілік куәлігі бар сарапшыларға

 

сараптаманың
2 түрі – БЛА-дан 50 %;
сараптаманың
3-тен 5 түріне дейін – БЛА-дан 75 %;
5 түрден астам – БЛА-дан 100 %

 

 

»;

реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

4.

 

Психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы

 

Қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының нақты тізбесі және олардың психоэмоциялық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттары осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес белгіленеді

 

 

Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері: сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сарапшы, мейіргер, зертханашы, медициналық тіркеуші, санитар

 

БЛА-дан 150 %

Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамамен тікелей айналысатын мамандарға

 

»;

көрсетілген қаулыға 21-қосымшада:

реттік нөмірі 6-жол және реттік нөмірі 6-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «

6
 

Патологоанатомиялық бюролардың (бөлімшелердің), Сот сараптамалары орталығының мамандары:

Мәйітті ашуға байланысты жұмыс, патогендік флорамен байланыста болу қаупі, қайтыс болған науқастардың, қаза тапқан және өлтірілген адамдардың туысқандарымен қарым-қатынас жасау кезіндегі психоэмоциялық ширығу.

Зор шыдамдылық таныту және аса зейінді болу, айыпталушылармен, жәбірленушілермен, маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық сияқты созылмалы аурулармен ауыратын адамдармен және басқа да адамдармен қарым-қатынастың күрделілігіне байланысты жүйке-эмоциялық ширығу.

 

 

1)
 

сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сарапшы, мейіргер, зертханашы, медициналық тіркеуші, санитар

 ».

2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу