Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі №793 Қаулысы

Тауардың шығарылған елін айқындау,шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 11), 12) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.

2. Қоса беріліп отырған Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру, тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидалары бекітілсін.

         3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

         4. Осы қаулы 2014 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресмижариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу