Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы

«Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын  көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1032 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысына (Қазақстан Республикасының  ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 63-64, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерінде:

1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі    А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу